Судан зардап шеккен мақтааралдықтарға өтемақы қалай төленеді — Өмірзақ Шөкеев жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында су басқан ауылдардың әрбір тұрғынына өтемақы төленуі тиіс деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

«Су елді мекендерден кеткеннен кейін үйлерді аралап, былтырғы Арыс тәжірибесі сияқты әр үйге келген зардапты, шығынды есептеп шығуымыз керек. Ары қарай комиссиямен бірігіп отырып, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастырымыз керек деп олаймын», — деді үкімет отырысында облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеевтің сөзінше, үйлердің ішіндегі мүліктерге келген зардаптарды есептеу қиын болады. Сондықтан, ол су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс болар деп есептейді.

«Мұнан бөлек 7 мыңнан астам егістік алқабына біраз шығын келді. Егілген егістік, пленка астында жатқан әртүрлі егістік алқабы бар. Соның бәрін қайта есептеп, оны да өтеуге көмектесуіміз қажет. Жалпы, эвакуацияланған азаматтардың бәрімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтырғы Арыстағыдай көп адамды жинап, үлкен жиын жасамаймыз», — деді өңір басшысы.

Оның сөзінше, жеке-жеке әр мектепке өкілдер барып, азаматтарға түсіндіріп жатыр екен.

«Жалпы халық түсіністікпен қарайды, үлкен шыдамдылықпен, төзімділікпен бұл жағдайды өткізіп жатыр. Біз комиссияны күтіп отырмыз, солармен бірге бәрін аралап шығамыз», — деді Түркістан облысының әкімі.

 

 

stan.kz