Қазақстанда 59 бала коронавирусқа шалдыққаны анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда 59 бала коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

«59 бала коронавирусқа шалдыққан. Кешегі күні тағы 140 жаңа науқас анықталды», -деді министр

Жалпы елімізде науқастардың саны 1091 болды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 260 адам, Алматы қаласында – 271 адам, Қарағанды облысында — 77 адам, Ақмола облысында — 73 адам, Атырау облысында — 62 адам, Жамбыл облысында — 46 адам, Шымкент қаласында — 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 22 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 26 адам, Павлодар облысында — 10 адам, Маңғыстау облысында — 10 адам, Қызылорда облысында — 119 адам, Батыс Қазақстан облысында — 11 адам, Түркістан облысында — 44 адам, Қостанай облысында — 3 адам індет жұқтырған.

Министр 138 адамның аурудан толық емделіп шыққанын алға тартты. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласы – 63, Алматы қаласы – 50, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 4, Атырау облысы – 5, Ақмола облысында – 4, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам аурудан емділіп шыққан. 

Еске салайық, бұған дейін коронавирустан көз жұмғандардың саны 14-ке жеткені туралы айтылған еді. 


Біртанов еліміздегі коронавирус ахуалы жайлы сөз қозғады

stan.kz