Министр бюджет қаржысын игермеген мемлекетік органдарды атады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ке, республикалық 99,5%-ке, ал жергілікті бюджеттер 97,7%-ке атқарылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Осы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік органдар 11 миллиард теңгені игермеген. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда екі есе аз. Үкімет басшысының бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бюджет қаражаты 15 миллиард теңгеге атқарылмады, оның  4 миллиард теңгесі үнемделген ақша. 11 миллиард теңге игерілген жоқ. Бұл 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен екі есе аз. Яғни, бюджет қаражатын игеру жұмысы жақсарды деген сөз», – деді Смайылов үкімет отырысында.

Министр бюджет ақшасын игермеген мемлекеттік органдарды атады. Олардың арасында әділет министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, денсаулық сақтау министрлігі бар.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ке, республикалық 99,5%-ке, жергілікті бюджеттер 97,7%-ке атқарылды.  

Оқи отырыңыз: Қазақстан экономикасы коронавирустан қанша ақша жоғалтқаны белгілі болды

Республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 971 миллиард теңгені құраған.  

Бірінші тоқсанда жергілікті бюджеттердің шығысы 1 триллион 213 миллиард теңгеге игерілді. 29 миллиард теңге орындалған жоқ.

«Биыл өңірлерге 1 триллион 499 миллиард теңге нысаналы трансферт қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша бірінші тоқсанда оларға 190,5 миллиард теңге бөлінді. Оның 97,1%-і немесе 184,9 миллиард теңгесі игерілді», – деді министр.

4,7 миллиард теңге игерілмеген.

Қаражатты игермеген өңірлер: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және Атырау облысы.



sputniknews.kz