Тағы 88 адам індетті жұқтырды
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1179 адамға жетті. 14 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 88 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды
«Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 4 адам, Шымкент қаласы – 1, Атырау облысы – 1, Түркістан облысы — 3, Қарағанды облысы – 1», — делінген хабарламада. ⠀
Осылайша коронавирус жұқтырғандардың саны 1179 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 264,
- Алматы қаласы – 346,
- Шымкент қаласы – 38,
- Ақмола облысы – 73,
- Ақтөбе облысы – 11,
- Алматы облысы – 22,
- Атырау облысы – 63,
- Шығыс Қазақстан облысы – 8,
- Жамбыл облысы – 49,
- Батыс Қазақстан облысы – 11,
- Қарағанды облысы – 78,
- Қостанай облысы – 3,
- Қызылорда облысы – 119,
- Маңғыстау облысы – 10,
- Павлодар облысы – 10,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
- Түркістан облысы – 47.
Соңғы мәлімет бойынша 14 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шықты.
sputniknews.kz