Қазақстанда 216 мың адам бір реттік төлем алады: Қарттар күніне орай

1

Қарттар күніне орай 216 700 зейнеткерге бір реттік төлем жасалады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы мен сегіз облыста зейнеткерлерге 2,3 миллиард теңгеге біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі

«Қарттар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамға бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа 2,3 миллиард теңге бөлінген», — делінген хабарламада.Жалпы, 2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.