Қазақстан шахматшылары Италиядағы әлем чемпионатында күміс және қола медальдарды жеңіп алды

0

Қазақстан шахматшылары Италияда өткен әлем чемпионатында күміс және қола медальдарды жеңіп алды

Әлем чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар бірден екі жүлделі орынға ие болды. 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жарыс 12-23 қазан аралығында итальяндық Сардинияда өтті.

Әсел Серікбай күміс медаль жеңіп алды. Меруерт Камалиденова қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ жас шахматшылардың ондығына Лия Құрманғалиева кірді, ол алтыншы орынға жайғасты.

Фото, ақпарат: http://t.me/orda_kz