Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мектепте төрт оқушыдар соққы көрген 9-сынып оқушысы тіл тартпай кетті

Мектепте төрт оқушыдар соққы көрген 9-сынып оқушысы тіл тартпай кетті
Фото: madeniportal.kz

Қырғызстанда мектепте соққыға жығылған 9-сынып оқушысы ауруханаға жетпей көз жұмды. Қайғылы оқиғаға байланысты төрт жасөспірім ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Қырғызстанның Жалалабат облысында мектеп оқушысының өліміне қатысты қайғылы жағдай тіркелді. 9-сыныпта оқитын жасөспірім білім ордасында соққыға жығылып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Осы іске байланысты төрт жасөспірім ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте Чатқал ауданына қарасты Құрылыс ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, сабақ кезінде 11-сыныпта оқитын бірнеше оқушы 9-сынып оқушысына күш көрсеткен. Жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлағаннан кейін оған медициналық көмек шақырылған.

Оқиға орнына Жаны-Базар ауылынан жедел жәрдем бригадасы келген. Алайда 2011 жылы туған оқушыны ауруханаға жеткізу мүмкін болмаған. Ол медициналық мекемеге бара жатқан жолда көз жұмған.

Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері мектеп оқушылары арасындағы жанжалға қатысы бар деген күдікпен төрт жасөспірімді ұстады.

21 қыркүйекте Ала-Бұқа аудандық соты күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдады. Сот шешімімен олардың әрқайсысы екі айға қамауға алынды. Күдіктілер 19 қарашаға дейін қамауда болады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.