Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Туыстарына талатса, опасыздық жасаса”: Жанель Мақажан жолдасымен не үшін ажырасқанын жайып салды

“Туыстарына талатса, опасыздық жасаса”: Жанель Мақажан жолдасымен не үшін ажырасқанын жайып салды
Фото: әлеуметтік желіден

Актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуімен ажырасуына отбасындағы түсініспеушілік, қолдаудың болмауы және сатқындық себеп болғанын ашық айтты. Өнер иесі әйелдің отбасын сақтап қалуға жалғыз өзі тырысуы жеткіліксіз екенін жеткізді.

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі оқырманының сұрағына жауап беріп, бұрынғы күйеуімен екі жаққа кетуіне не себеп болғанын ашық айтты. Өнер иесі отбасылық өмірінде жолдасының туыстарымен арадағы түсініспеушілік, қолдаудың болмауы және сатқындық секілді жағдайлар болғанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Актрисаның сөзінше, бұрынғы жолдасы отбасын сыртқы ықпалдан қорғай алмаған. Оның айтуынша, күйеуі анасының, достары мен айналасындағы өзге адамдардың пікіріне көбірек құлақ асып, әйелі мен балаларының жағдайын екінші орынға қойған.

«Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе – қиын екен», – деп жазды Жанель Мақажан.

Актриса мұндай жағдайдың әйел адамның денсаулығы мен психологиялық жағдайына да әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, ер адамның өз отбасын құрып, ата-анасынан дербес шешім қабылдай алмауы да үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

«Денсаулығыңның қалай нашарлап бара жатқанын да байқамай қалады екенсің. Шешесінен сепарация жоқ, өзіңе қарсы шығып, шешесімен бірге сені өз үйіңнен қуса, ол да оңай емес», – деді ол.

Жанель Мақажан отбасының берекесін сақтап қалу үшін өзі барынша күш салғанын да жасырмады. Оның айтуынша, әйел адам қарым-қатынас үшін уақытын, энергиясын және қаржысын жұмсап, бәрін түзетуге тырысқанымен, мұндай әрекет екі тараптан да болуы қажет.

«Біз, әйелдер, сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Сол жерде ақымақ болғаныңды түсінесің. “Бәрі керемет болады” деген аңғал үмітпен жүресің», – деп жазды актриса.

Сонымен қатар өнер иесі бұрынғы күйеуінің опасыздық жасағанын да айтып, сатқындықтың өзіне ауыр тигенін жеткізді.

«Одан қалды сені алдап, опасыздық жасаса, сатқындық жаныңды қатты ауыртады екен», – деді Жанель Мақажан.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.