Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, Мақсат Толықбай енді Алматы облысының дамуына қатысты жұмыстарға атсалысады. Диас Нұрақын экс-депутаттың Мәжілісте жүрген кезінде де өңірдегі бірқатар мәселені көтеріп жүргенін атап өткен.
"Мақсат Мәлікұлына сәттілік! Алматы облысындағы қызметі абыройлы болсын!" – деп жазды ол.
Мақсат Толықбай бұған дейін тележурналистика саласында қызмет атқарып, Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "Ashyq alań" бағдарламасын жүргізген. Ол сондай-ақ Президент жанындағы Ұлттық құрылтай құрамында болған.
2023 жылдан бастап Мақсат Толықбай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.