Қазақстан Иран азаматтарына елге кіруге тыйым салды

0
97

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сыртқы істер министрі коронавирус қаупі жоғары елдерде  95 мыңнан астам қазақстандық жүргенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. 5 наурыздан бастап Иран азаматтары Қазақстанға кіре алмайды. Билік коронавирустың таралуына жол бермеу үшін осындай қадамға барып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Осы жылдың 5 наурызынан бастап Әзербайжанмен әуе рейстері қысқарады. Иран азаматтарына Қазақстанға кіруіне тыйым салынады», – деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар, министрлік қазақстандықтарға эпидемиялық қаупі жоғары елдерге сапар шекпеуге кеңес берді.

Тілеубердінің айтуынша, коронавирус қаупі жоғары елдерде  95 мыңнан астам қазақстандық жүр.

Оның ішінде 35 мыңы Кореяда, 40 мыңы АҚШ-та, 5100-і БАӘ-де, 5 мыңы Германияда, 3 мыңы Ұлыбританияда, 1800-і Италияда, 1000-ы Францияда. Олардың басым бөлігі –студенттер, еңбек мигранттары, шетелдегі мекемелердегі қызметкерлер мен отбасы мүшелері, туристер мен бизнесмендер.

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған науқас жоқ – денсаулық сақтау министрлігі

«Эпидемиялық ахуал ушыққан жағдайда, қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі дер кезінде қарастырылады. Бүгінгі таңда шетелдегі қазақстандықтар арасында коронавируспен ауырған жағдайлар тіркелген жоқ», – деді ол.

Қытайдан тараған коронавирус

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 80 026 адамға жетті, оның ішінде 2912-і көз жұмды, 44 462 адам емделіп шықты.

Коронавирус Қытайдан бөлек әлемнің 58 еліне тарап үлгерді. Бұл елдерде қаза болғандар саны 104 адамға дейін өсті. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7169 адамды құрап отыр.



sputniknews.kz