Стиб Джобстың балалары мұрасыз қалуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Apple-дің негізін қалаушы Стив Джобстың жесірі, филантроп Лорен Пауэлл Джобс өзіне күйеуінен мұраға қалған байлықты балаларына қалдыруды жоспарламайды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лорен Пауэлл Джобс

Лорен Пауэлл Джобстың айтуынша, үлкен байлықты бір отбасының қолына жинау дұрыс емес. Ол өзінің байлығы күйеуінен мұраға қалғанын, өзі бай болуды мақсат етпегенін атап өтті. Қазір ол байлығын қайырымдылық жұмысының көмегімен жағдайы төмен адамдарға мүмкіндігінше көп пайда әкелетіндей жұмсауға тырысып жүр.

«Егер мен ұзақ өмір сүрсем, бұл байлық менің өміріммен бірген таусылады», — деді ол. 

Лорен Пауэлл Джобстың сөзінше балалары оның Стив Джобстың мұрасына деген қарым-қатынасын біледі және оның ұстанымын қолдайды.

2004 жылы Лорен Пауэлл Джобс Emerson Collective қайырымдылық ұйымын құрды. Стив Джобс қайтыс болғаннан кейін ол осы мақсатқа көбірек қаражат бөлді. Сонымен қатар, ол қайтыс болғаннан кейін өз байлықтарын қайырымдылыққа бағыттауды жоспарлаған адамдардың The Giving Pledge қайырымдылық қозғалысының қатысушысы. Аталған қозғалыстың жақтаушылары — Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс және оның әйелі Мелинда, инвестор Уоррен Баффет, Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг.

Bloomberg-тің миллиардерлер рейтингісінің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Лорен Пауэлл Джобстың жағдайы 24 миллиард долларды құрайды. Ол ғаламшардың бай адамдары рейтингінде 38-ші орынға ие. Джобспен некеде үш баласы бар — ұлы Рид, қыздары Эрин мен Хауа.

stan.kz