Люксембург қоғамдық көліктері ақысыз әлемдегі бірінші елге айналды — Қазақстан жаңалықтары

0

Люксембург билігі елдегі көлік кептелісі мәселесін шешу үшін жергілікті тұрғындар мен туристердің қоғамдық көлікте жүруін тегін қылмақ. Осылайша 29 ақпаннан бастап аталмыш ел автобусы, трамвай және пойызы ақысыз алғашқы мемлекет атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі. 

Люксембург

Бұл күні авто және теміржол бекеттерінде түрлі концерттер мен іс-шаралар ұйымдастырылыпты. 

Десек те сыншылар жол ақысы толығымен тегін болады дегенге күмән келтіріп отыр. Себебі транспорт жүйесіне жылына кететін 41 миллион евро салықтық жиналымнан бөлінеді екен. 

Бұған дейін Люксембургте студенттер мен балалар қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие болыпты. 

Қазіргі таңда Люксембург бүкіл адамдар үшін тегін жол жүре алатын жалғыз мемлекет болып табылады. Десек те ұқсас жайттар басқа да елдерде кездеседі. Мысалы 2013 жылы Эстония астанасы Таллинде жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық көліктерде ақысыз жүру қарастырылса, ал 2018 жылы Францияның Дюнкерк қаласында да осы жағдай қолға алыныпты.  

 

stan.kz