Қазақстан Байқоңырда мобильді мұнара тұрғызады. Оның салынуына Ресей 3 есеп көп қаражат бөлді — Қазақстан жаңалықтары

0

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш кешенінің жобасы аясында «Союз-5» зымыран тасығышының ұтқыр мұнарасы салынатынын хабарлады, деп жазады Stan.kz. Sputnik Қазақстанға сілтеп.

Қазақстан Байқоңырда мобильді мұнара тұрғызады. Оның салынуына Ресей 3 есеп көп қаражат бөлді

«Біз «Союз-5» зымыранын жасау үшін 949,5 млн доллар бөліп отырмыз. Бұл Федералды ғарыштық бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы. Ал қазақстандық салым 314 млн долларды құрайды, бұрын бұл сома 245 млн болған. Қазір әңгіме басқарылатын ғарыш кемесін орнатуға арналған мобильді мұнара құру туралы болып отырғандықтан бұрынғыға қарағанда көп қаражат кетеді»,-деді Рогозин.

«Роскосмос» басшысы сондай-ақ, тестілеуді 2022 жылдың соңына дейін бастау үшін Қазақстанның қаражат бөлуге тиіс екенін атап өтті. Алайда ең бастысы – бұл сома емес, инфрақұрылым, дейді Дмитрий Рогозин.


Мобильді байланыс мұнарасы, әдетте, ғарыш айлағының ұшырылым алаңында тігінен тұрған кезде, барлық ұшыру аппараттарының жүйелеріне қызметкерлерге қол жеткізуге, құралдар мен керек-жарақтарды жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мұнара зымыран мен спутниктерді қоршаған орта әсерінен қорғайды және қызметкерлердің жылдам эвакуация жасауына мүмкіндік береді.

Рогозин, «Бәйтерек» жобасы туралы мәселені түсіндіре келе, 27 сәуірде Байқоңырда Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу өткізетінін айтты. Тараптар «Бәйтерек» жобасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ ішінара Ресей тұрғызған бірқатар нысандарды Қазақстанға тапсыру мәселесін қарастырады.

«Біз Байқоңырды жалға алу үшін Қазақстанға ақша төлейміз. Ал нысандар пайдаланудан шығарылған кезде, біз нәтижелерді көргіміз келеді», — деді Рогозин.

Ол «Союз-5» зымыранын ұшыруға қатысты келіссөздерге қатысу үшін S7 тобының серіктесі Владислав Филевті де шақырғанын мәлімдеді. Роскосмос басшысының айтуынша, іс-қимыл жоспары жасалып қойған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресейдің Байқоңырды жалға алуды тоқтатуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

stan.kz