Күнделікті қолданылатын қауіпті заттар

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дәрігерлер күнделікті қолданылатын кейбір заттардың аса қауіпті екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik.  Ұялы телефон, көлік рөлі, сөмкенің сабы мен ақша күнделікті қолданылатын ең лас заттардың қатарында, деп хабарлайды «Москва» жаңалық агенттігі.

Мамандардың айтуынша, қауіпті заттардың қатарына лифт батырмалары, банкомат, супермаркет арбаларының сабы, қоғамдық жерлердегі есік тұтқасы, теледидар пульті мен ыдыс жууға арналған шүберек те бар. 

Алайда  қауіпті заттар тізімі мұнымен де аяқталмайды. Өйткені микроағзалар кілем, диван, ас плитасы, жуынатын бөлме мен душ кабинасында өте көп болады.

Дәрігерлер оларды ұстағаннан кейін міндетті түрде қол жууға кеңес береді. Әсіресе, есік тұтқалары, ақша мен хайуандарды ұстағанда абай болу керек. Ет пен жұмыртқа сынды шикі тағамдарға қол тигізгеннен кейін, тамақ ішердің алдында және тамақтан кейін қол жуу керек.

Тағы оқыңыз: Малды дәрімен семіртеді — ғалымдар ет жемеуге кеңес берді

Мамандар қатты сабынның орнына сұйық сабын қолдануды дағдыға айналдыруға кеңес береді. Олар тырнақты тазалап,  жууға да аса көңіл бөлу керектігін атап өткен. Ал жолда болған кезде микробтардан қорғайтын қолға арналған антисептик қолдану керек.



sputniknews.kz