«Қазақпен құда болсам екен»: әнші Медеу Арынбаев келін түсіруге дайын екенін айтты

0

Әнші Медеу Арынбаевтың ұлы мен қызы есейді. Өнер иесі «ХабарLike» бағдарламасында келін түсіруге, құда болуға дайын екенін айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Ұлым мен қызымды аса қатты қадағаламаймын. «Абайлап жүр» деймін. Бір Аллаға тапсырдым. Бұлар да мені қинайтын сұрақтар қоймайды. Балаларыма үлкен сенім артамын. Ол үлкен – жауапкершілік. Қызым бойжетті, ұлым ержетті. Құда болуға дайынмын. Бұл уақытта араласудың керегі жоқ сияқты. Жүрек қалаулары болсын. «Қазақтың қызы болса екен. Қазақпен құда болсам екен» деп армандап қоямын.

Бірақ руға бөлінбеймін. Шығыс, батыс демеймін. Кезінде өзіме де «Оңтүстіктің қызы болса екен» деді. Алдым да, Көкшетаудың қызына үйлендім. Балаларыма да шектеу, талап қоймаймын. Заман өзгерді», – деді Медеу Арынбаев.