«Қазақ тілі – маймыл тілі, қазақтар – маймыл»: Божко 7 жылға сотталуы мүмкін

5

Қостанайлық азамат Кирил Александрович Божко «қазақ тілін – маймылдардың тілі, қазақтар – маймылдар» деп атаған болатын.

Бүгінде қостанайлық полицейлер облыс тұрғынына қатысты тергеу амалдарын бастады.
«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер «YouTube» арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді. Қазір күдіктінің тұлғасы анықталып, тергеу шаралары басталды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деп мәлімдеді Қостанай облысының полиция департаменті.