Порноға тәуелділік белсіздікке ұшыратады

0

Порноға тәуелді балалардың 30 пайызы өсе келе белсіздікке шалынады. Зерттеу қорытындысына сүйене отырып, ресейлік сенатор Елена Мизулина осындай мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Оның сөзінше, порнография өскелең ұрпақ үшін аса қауіпті. «Мамандар есірткіге тәуелділікке жақын интернет-тәуелділіктің жаңа түрі қалыптасып келетінін — порноға тәуелділік дамып келе жатқанын айтады. Баланың мінезі, ойлау жүйесі өзгеріп қана қоймай, уақыт өте белсіздік пен бедеулікке шалынады. Мұндай зерттеулер бар», — дейді ол Қауіпсіз интернет форумындағы сөзінде.

Бұдан құтылу жолы ретінде ол қауіпсіз интернет орта — «балалар интернетін» құруды ұсынды. «Қауіпсіз интернет орта болса, ата-аналар балалары үшін алаңдамас еді. Ол қарым-қатынас жасайды, ресурстарды көреді, ақпарат алады, ойнайды, бірақ, бұзылмайды, ата-анасына қарсы болып өспейді», — деп жалғастырды ол.

alashainasy.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз