Жанар Айжанова: Анасы мына қыздың жалаңаш денесін сатып, табыс тауып жүр ме?

0

Қазақ жұлдыздары Шырын Нарчаеваны елден қууды талап еткен журналист Бибігүл Дәулетбекті қолдап отыр. Жанар Айжанова қазақтың ұлттық бас киімін қор қылып, халықты мазақ еткен бойжеткеннің анасының барына күмән келтірді.

 

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны түлейді дейді. Мына сұмдыққа жеткенімізге кім кінәлі? Әрине, ата-ана, өзіміз кінәлі. Ел болам десең бесігіңді жөнде деген. Міне енді жүгенсіз кеткен мына қызды кім жөндейді? Сәукеле ұзатылып бара жатқан қыздың өмірінде бір-ақ рет киетін киелі бас киімі. Мына қыз оны жалаңаш денесіне кигенімен қоймай, факю көрсетіп тұр. Кімге және не үшін? Бұл қыздың анасы бар ма? Бар болса қайда қарап, не істеп жүр? Әлде қызының жалаңаш денесін осылай сатып, содан табыс тауып жүр ме? Бұл не масқара? Намыссыз, сәукеледен садаға кет. Бибігүл не үшін шырылдап жүр? Қор болған сәукеле үшін», дейді Айжанова.

Әншінің пікірінше, әлдебіреулер қасақана Шырынды ел алдына жалаңаш шығарып, ел алдына іріткі салуды көздеп отыруы мүмкін. Бұл орайда өнер иесі ата-аналарды балаларының тәрбиесіне жіті көңіл бөлуге шақырды.

«Айналайын ағайын, ұл-қыздарыңызға үйде үйретіңіздер тәрбиені, түзде де бақылаңыздар кіммен не істеп жүргенін. Домбыраның, сәукеленің, қара шаңырақтың, бесіктің, т.б. киелі, құнды дүниелерімізді айтыңыздар, білсін қадір-қасиетін, мына заманда біреудің баласына біреу ақыл айтып түзете алмайды. Тағы да айтам, аналар қыздарыңызға ие болыңыздар, әкелер ұлдарыңызды күнде намысын қайрап, нағыз еркек қылып тәрбиелеңіздер. Ол өте маңызды. Сонда мынадай алапатты көрмейтін боласыздар. Қазақ елі – менің елім, сенің елің. Ендеше бір жеңнен қол шығарып, бабалардан қалған аманатқа қиянат жасамай, ұрпағымызға қазақша тәрбие берейік», – деп түйіндеді сөзін ол.

Әншілердің бұл бастамасына Серік Ибрагимов те қосылды.

“Негізі, желіде желдей ескен мына бір сұмдықты салмай-ақ қояйын дегенмін! Құр босқа ол қыздың қара пиярына пияр қоспай-ақ, үндемей отырайын деп ойлағанмын! Бірақ, бір кісілер осындай кезде біздің әншілер үйтпейді, бүйтпейді деп әңгіменің астына алып жатқасын ол ұятсыз қыздың суретін салмай, осы есті әнгімені салып отырмын! Мен ол кәуекбастың ісіне түбекүйлі қарсымын! Жалпы бәріміз қарсымыз ғой! Ал сізге раxмет Бибігүл Дәулетбек! Мен сізді қолдаймын!” – деп пікір білдірді ол.

Күні кеше жылап тұрып әрекетіне өкінгенін айтқан Шырын Нарчаева желіге тағы бір видео жүктеп, ерсі қылық көрсетті. Ол ешкімнен кешірім сұрамайтынын айтып, ортанғы саусағын шошайтты. Желі қолданушылары, оның ішінде әншілер мен журналистер бойжеткенді жазалау керектігін айтып жатты. Бұған дейін Балғынбек Имашев бойжеткеннің ісін сынаған жігіттердің өзін намыссыз деп атады. Қызды талқыға салған халықтың өзіне сын айтты.

 

Источник: Stan.kz