Палаудың ішінен телефон шықты: Қызылордада ерекше жағдай орын алды

0

Қызылордадағы тергеу изоляторына палауға жасырып телефон өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 тамыз күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тағы да тыйым салынған затты тауып тәркіледі.

Мекеме қамауындағы сотталғанға келген азаматша IRBIS маркалы телефоны, қуаттағыш құрылғысын және SIM картаны политэлин пакетке орап, палау мен салаттың ішіне жасырып өткізбек болған.

Алайда, азаматшаның тағамдарға жасырған «тосынсыйын» бақылаушы қызметкерлер бірден аңғарып, тәркіледі.

Қамаудағы сотталған «Ұрлық» бабымен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабына сәйкес іс құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.