Өзбек премьері экс-президент Кәрімовтың саясатын сынға алды

0
66

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов экс-президент Ислам Кәрімовтың саясатын сынға алды.

Желтоқсан айының 22-і күні Ташкент қаласында өткен әйелдер комитетінің жылдық қорытынды отырысында Абдулла Арипов шетелде жұмыс істеп жүрген мигранттарға қатысты мәлімдеме жасаған.

«Өзге елге жұмыс іздеп барудың қажеті қанша? Себебі біз осы жерде жұмыс ітеуге жағдай жасамадық. Біздің осы уақытқа дейін жасағанымыз «шетелге барып жұмыс істеген адам – жалқау» деген түсінік қалыптастыру болды. Олай болатын болса, осы жердегі «жалқау еместерге» жұмыс тауып бер» – деді Арипов.

Естеріңізге салайық, 2013 жылы Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімов Жизақ облысына жасаған сапарында шетелге жұмыс істеуге кеткен өзбекстандықтарды «жалқаулар» деп атап, өзбек ұлтының абыройын төмендетіп жүрген мигранттар деп мәлімдеген.

Ислам Кәрімовтың тұсында Өзбекстан үкіметі жыл сайын Республика бойынша 1 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылды деген статистикалық мәлімет тарататын.

«The Qazaq Times»