Пікірін аяқ астынан өзгерткен министр Нығматулиннен сөз етіп қалды

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің заң жобалау жұмыстарына атүсті қарайтынын ашық айтты.

Бүгін Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Ұлттық экономика министрлігі көлеңкелі экономикамен және контрафактілік тауарлармен күресу үшін аталған заң жобасында тауарларды таңбалау нормасын ұсынды. Ол бойынша таңбаланатын тауарлардың тізімі болады. Оны Үкімет бекітеді.

«Бірыңғай операторды құру арқылы тауаларды таңбалайтын орталық құрылғалы отыр. Бұл орталықтар тауарлады таңбалайды. Бірақ бұл жұмыспен кәсіпкерлердің өздері жүргізуі қажет қой. Мұндай қызмет делдалдардың құрылуы таңбалаудың құнын өсіріп, бизнеске салмақ түсіреді. Бізге аталған орталық не үшін құрылғалы отырғанын түсіндіріңізші», — деді депутат Сәкен Өтебаев министрге.

Осы орайда Сулейменов таңбаланын тауарлардың саны өссе, тиісті құрал-жабдық сатып алу мәселесі туындайтынын жеткізді. Оның пікірінше, оны барлық кәсіпкер сатып ала алмайды екен.

«Сондықтан қаржы министрлігі аталған мәселені бизнес өкілдерімен талқылады. Олар тауарларды таңбалайтын жеке орталықтарды құруды ұсынды. Олар таңбалауға жатанын тауарларды ғана таңбалайды. Бұл нарықта тауарларды қосымша таңбалау қызметін алу үшін енгізілді», — деді ол.

Алайда ұлттық экономика министрінің жауабы Нұрлан Нығматулинге ұнаған жоқ. Оның айтуынша, аталған қызметті тауар өндірушілер мен бірыңғай оператор да жүргізе алады.

«Заңға аталған орталықтар туралы норманы енгізу арқылы тек түсінік енгіздіңіздер, оның қандай функцияларды жүргізетінін анықтамадыңыздар. Сіздер делдал құруды ұсынып отырсыздар. Онымен бірге оны жеке секторға беріледі. Ол кәсіпкерлерден тек ақша жинайтын болады. Бұл тәсілді қайта қарау керек», — деді Мәжіліс төрағасы.

Осы орайда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов заңдағы аталған норма не үшін ензігілгенін түсіндірді.

«Норма тауарларға заңтаңба жапсыруды (этикетирование) және таңбалауды бірыңғай оператор жүргізсе, орталық қажет емес. Бірақ бұл орталықтар шағын және орта бизнес өкілдеріне ерікті түрде қызмет көрсетеді. Яғни тауарларды өздері таңбалай алмайтын кәсіпкерлер үшін», — деді ол.

Нығматулинге бұл жауап та ұнамай қалды.

«Кешіріңіздер, сіздер Үкіметте заң жобасын дайындаған кезде оның мәніне терең үңілмейтін сияқтысыздар. Тек парламент заң жобасы талқыланған кезде депутаттар заңға енгізілетін өзгерістерге дәлелдер келтірген сәтте, сіздер аяқ астынан көзқарастарыңызды өзгерте қоясыздар. Яғни «Формула-1» жарысындағы көліктің шинасын ауыстырған жүргізушілер сияқты. Тек осы сәтте ғана ұсынған заң жобаларыңызға терең зерттеу бастайсыздар. Бірақ көзқарастарыңызды өзгерту жылдамдығы, жаңа ғана байқалғандай, заңдағы негізгі нормаларға атүсті, жүйесіз қарайтындарыңыз өзгертті. Әріптестер кешіріңіздер. Бірақ бүгін біз оны қайта байқадық», — деді Мәжіліс төрағасы.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ