«Партияның 20 қайырымды ісі» жалғасады

0
96

Елімізде «Партияның 20 қайырымды ісі» акциясы жүзеге асып жатыр. Іс-шара «Нұр Отанның» 20 жылдығына орай қолға алынған. Партиялықтар аз қамтылған, көпба­лалы отбасылар мен отбасы үлгі­сін­дегі балалар үйінің тәр­бие­ленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасауда.

Партияның қалалық филиалы мен СНПС «Ақтөбемұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Абай Сақ­тағанов бұл жолы көпбалалы Садуовтар отбасына барды.
Бұл отбасы 5 бала тәрбиелеп отыр. 16 жасар Самұраты сал ауруымен ауырады, қызы Алтынайдың жүйкесі зақымданған. Балаларын арнайы мектепте оқыту үшін Әйтеке би ауданынан көшіп келген отбасы пәтер жалдап тұрады. Сондай-ақ жүрегі сыр берген отағасы жұмыс істей алмайды. Екінші топ мүгедегі. Сон­дықтан да отбасының бар қажеттілігі Салтанаттың мойнында.
– Отбасымда үш бірдей мүмкіндігі шектеулі жан бар. Мүмкіндігімше олар­дың жағдайын жасауға тырысамын. Қиналғанда «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалынан көмек сұрадым. Алдымен депутаттар қар­жылай көмек көрсетті. Партиялықтар азық-түлік­пен қамтамасыз етті.
Бүгін міне отба­сымды Жаңа жыл ме­рекесімен құт­тықтап, бізге мерекелік көңіл-күй сыйлады, – дейді көпбалалы ана.
Ал Мәртөк ауданындағы партиялықтар отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбие­ленушілерін мерекемен құттықтап барды. Балалардың қызығушылығына орай оларға спорттық құралдар сыйлады. Ал партияның белсенді мүшесі Айбар Уақбаев оқу құралдарын алып берді.
Тәрбиеші Гүлнұр Бекжанованың айтуынша, мұнда қазір 11-17 жас ара­лы­ғында 9 бала тәрбиеленуде. Олардың бар­лығы да спортқа жақын. Мәселен, Давид Саранцов денешынықтыру пәні мұғалімі болғысы келеді. Ал Свачко Вячеслав футбол десе, ішкен асын жерге қояды.
– Былтыр партиялықтар балаларды «Керуен-Сити» сауда ойын-сауық орта­лығына алып барып, кино көрсетті. Содан соң балалар ат спорты мектебінде болды. Партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бізге бір жылда екі рет келді. Партияның аудан­дық филиалы өкілдері де жиі бас сұғып тұрады. Көрсеткен көмегі мен қамқор­лығына ризамыз, – деді Гүлнұр Бекжанова.

Абылайхан ЖҰМАШ

Дереккөз: Айқын