«Отандық дизайнерлерге тапсыруға сеніңкіремеймін»: Жарқынай Ханайым той көйлегін қайдан алады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Таяуда ғана Алагөзовананың жиенінің қалыңдығы атанған Жарқынай Ханайым күні кеше құлағына сырға тағылып, алтын ұясынан ұзатылды. Оңтүстіктің қызы ең әуелі танымал қайын жұртының өз ата-анасымен тіл табыса алмай қалуынан қорыққан екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап.

жаркынай

«Кішігірім дастархан жасап құдалық, сырға салу, ұзату үшеуін бірге өткіздік. Қатты уайымдадым. Бірінші ұйымдастыру жағын жасадық. Ең бастысы құдалар бір-бірін қалай қарсы алар екен дедім. Тіл табысып кете ме екен, әр елдің салты басқа деген сияқты сол жағынан кішкене кикілжің нәрсе болмайды ма екен деген ой болды. Бәрі әдемі, келісіп кетті. Менің туысқандарым да барын салды. Бәрі тіл табысып, жақсы атмосфера жасады», дейді Жарқынай Ханайым.

Үлкен тойға дайындық қызу болса да, Жарқынай әлі де қалыңдық көйлегін таппаған көрінеді. Бикеш «маңызды күнімдегі образымды отандық дизайнерлерге тапсыруға сеніңкіремеймін»,- дейді.

«Көйлекке қатты уайымдаған жоқпын. Бірақ уайымдау керек екендігін түсіндім. Өткенде бір көйлек барып көрдім. Ол ұнамай қалып, енді екінші көйлекті көруге ертең кетіп бара жатырмын. Біз дайын көйлекті сатып алатын болып шештік. Солай проблемасы аз екен», — дейді әнші.

Сондай-ақ, қол ұстасқан ғашықтар енді отбасылық дуэт болып, сахнадағы жұптар санын көбейтуді жоспарлап жүргенін айтқан болатын. Мақсатқызының жиен інісі, дуэт халықтың қызығушылығынан туындаған соң міндетті түрде сұраныста боламыз деген сенімде.

«Жарқынаймен дуэттегі әндерімізді дамытамыз бұйыртса. Сондықтан енді жұлдыз болған соң бізді де халқымыз жақсы көріп, қосылғанымызға қуанып тамсанып қарайды», – дейді актер Айдар Асқарбек.

Дуэттің музыкалық продюсері Бағым Мақсатқызы. Сондықтан Жарқынайдың болашақ жарына әншілік өнер оңай соқпайтыны анық. Тіпті Айдар вокалдан сабақ алып жүр. Ал жезтаңдай Жарқынайдың сүйіктісіне берер бағасы қашанда оң.

«Барын салып әрекет етіп жатыр. Өзінің жағымды даусы бар. Ол вокалмен айналысып, енді жұмыс жасап жатыр. Оған қазір қызық болып тұр. Маған Айдардың дауысы ұнайды», – дейді Жарқынай Ханайым.
 

stan.kz