Доллардың айырбас бағамы 430 теңгеден асып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағамы 430 теңгеден асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Доллар құны 376 теңгеге дейін түсіп кеттіАл Алматыдағы кейбір айырбастау пунктерінде доллар бағамы 440 теңгеге дейін жетті, ал еуро 495-500 теңгеден сатылып жатыр.

Бұл ретте айырбастау пунктері долларды 430 теңгеден сатып алып жатыр.

Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 405,46 теңгені құрады.

Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша, елордадағы айырбас орындарында долларды сатудың орташа бағамы 431,05 теңгені, ал Алматыда 435,45 теңгені құрады. Тиісінше, еуро орташа есептегенде 424,01 теңге және 477,89 теңгеден сатылып жатыр.

stan.kz