Нұрлан Албанның тірнектеп жинаған дүниесі өртеніп кетті

0
Белгілі әнші Нұрлан Албанның басына сынақ келді. Оның үйі өртеніп кетіпті. Бұл туралы өнер иесі инстаграм парақшасында жазды.
«Қазіргі менің жағдайым осындай. Мына жерде өнер сапына қосылған кезден бастап жинаған бүткіл аспаптарым өртеніп кетті. Қазір күн өте ыстық. Құрметті бауырлар, өрттен абай болыңыздар! Қауіп-қатер қайдан екенін біле бермейміз ғой. Осыдан екі-үш жыл бұрын студиямды жапқан кезде тірнектеп жинаған музыкалық жабдықтарымның бәрін осы жазғы қоржын тамға қойып қойған болатынмын. Өрт шықты. Түгі қалған жоқ. Ең бастысы бала-шағам, туған-туыс, бауырларым, таныстарым, ел-жұртым аман болсын. Бас аман болсыншы!», – деді әнші.