Нұр-Сұлтанда жатақханадағы бөлмеге 700 адам тіркелген

0
229
Advertisement

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бір жатақхана бөлмесінде 700 адамның тіркелгенін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері ауданы 18 шаршы метр бөлмеде 700-ге жуық адам тіркелгенін айтты. Тұрғын үй иесі жатақханада тұрмайтын адамдарды тұрақты негізде тіркеп отырған. Полиция қызметкерлері аталған мекенжайға бірнеше рет барған, алайда тіркелген тұрғындарды анықтау мүмкін болмады. Көршілердің айтуынша, бөлме бос және онда ешкім тұрмайды.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бөлме иесінің қайда екенін анықтап жатыр, оған әкімшілік шаралар қолданылады.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы пәтер иелері үйіне көп адамды тіркеуге мүмкіндік алады», – делінген хабарламада.

Елордалық полиция департаментінің көші-қон қызметі халықты тұрғылықты жері мен нақты тұрып жатқан үйіне уақтылы тіркелуге шақырады.

«Мекенжай мәліметтерінде алшақтық болған жағдайда, оларды өзектендіру үшін ХҚКО-дағы аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгініңіз. Сондай-ақ, тұрғын үй иелерін оларда тұрмайтын адамдарды тіркеуден уақтылы шығаруды сұраймыз», – деді полициядағылар.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз