Қатыгез әке 1 жастағы сәбиіне жантүршігерлік әрекет жасаған

0
624

Луга қаласында өз ұлын тұншықтырғысы келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+.

Life.ru басылымының мәліметінше, әкесі мас күйде болған. Сәбидің алқымынан алып, қинамақ болған.

Соңғы сәтте баланың анасы келіп, жолдасын тоқтатқан. Әйтпесе, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.

Жауыз әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды.  1 жасар баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.