Назарбаеваның құдағиы танымал тегін инстаграмда өзгертіп жіберді

0
Динара  Шайжүнісова инстаграмда бұрыннан көрсетілген фамилиясын өзгертіп жіберді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
«Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара ханым танымал фамилиясын әкесінің атына ауыстырған. Сөйтіп, Дианара Шайжүнісова қазір Динара Гаплан болып шыға келді.
Фото: Инстаграм парақшасының скрині
Қазақстанда Чайжүнісовтар әулеті Дариға Назарбаевамен құда болғалы танымал бола түсті. Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венера 2018 жылы Дәлен Шайжүнісовке тұрмысқа шыққан.
Фото: ашықдереккөзден, Венера мен Дәленнің некелесу сәті 
Назарбаевтармен құда болған әулет өкілдері  ШҚО облысының тумалары.
Әулеттің үлкені — Социалистік Еңбек Ері, белгілі педагог Жақия Шайжүнісов (1914-1983). Семейде орталық көше мен қаржы колледжі осы кісінің құрметіне аталды.
Шайжүнүсовтар отбасының тағы бір танымал мүшесі — Маркен Шайжүнүсов. Семейдің құрметті тұрғыны. Әр жылдары ол жоғары қызметтер атқарды: Семей облысының әкімі және Семей қаласының әкімі болды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайланды, Қазақстан Парламентінің бірінші және екінші шақырылымының депутаты болды, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
Тоқан Шайжүнүсов, 1944 жылы туған, түрлі дереккөздерден алынған ақпарат бойынша Венера Назарбаеваның қайын атасы осы кісі. «Востокказколхозстрой» тресінің басқарушысы, Өскемендегі «Казгипроцветмет» ЖШС президенті болып жұмыс істеген. Оның үлкен ұлы Сергей Чайжунусов «Казтрубпром» АҚ, «КазПетроМашКоммерц»ЖШС басқарады.
Назарбаевтардың құда баласы Аллен Шайжүнүсов «QazExpoCongress «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ТМД елдеріндегі халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) ресми өкілі, Халықаралық велосипедшілер одағының Азия Конфедерациясы басқарушы комитетінің мүшесі.
Фото: Аллен Шайжүнісов
Динара осы Аленнің әйелі. Динараның өзі де оса адам емес. 35 жаста, Алматы қаласының тумасы. Үш қыздың анасы.
Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған соң, шетелдерде білімін жетілдірген. Негізінен мұнай саласы мен киноиндустрияға қатысты тағылымдамалардан өткен.  Еңбек жолын мұнай компаниясында бастап, кейін «Болашақ» халықаралық стипендиясын үйлестірумен айналысатын орталықта жұмыс істеген. Ол жерден «Болашақ» корпоративтік қорына ауысқан. Ал бұл қордың «Дисней» мультфильмдерін қазақшаға аударатыны белгілі. Осы мультхикаялардың  тұсау кесерінде жарқырап сұхбат беріп жүретін де осы Динара Шайжүнісова.
Бір қызығы, мультфильмдерді қазақшаға аударумен айналысатын Динараның үш қызының есімі де өзге тілде. Олар: Алина, Александра-София және Джуди.
Айтпақшы, Динара Фейсбуктегі тегін әлі ауыстырмаған. Бұл аталған желінің ерекшелігімен байланысты болуы мүмкін. Әдетте фейсбук профиль атауын өзгертуге уақыт сұрайды, немесе тіпті рұқсат бермейді.
Фото: Фейсбук парақшасының скрині
Әрине, Динараның тегін ауыстыру себебі әртүрлі болуы мүмкін. Елдегі ахуалға байланысты Назарбаевтар әулетімен туыстық байланысын көрсеткісі келмеуі, екінші нұсқа ол күйеуінен ажырасып, әкесінң тегін қайтарып алу да ықтимал.