Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» басшысын қабылдады

0
13

Есімов төтенше жағдай кезінде өндіріс қызметкерлерін қысқартуға және жалақыны кешіктіруге жол берілмегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Елбасы сайты.

Оқи отырыңыз: Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет – Назарбаев 

«Самұрық-Қазынаның» барлық кәсіпорны қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ», – деді Есімов.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 процентке артып, 1,1 триллион теңгеден асты.



sputniknews.kz