Алматының ПД басшысы қаланың кіреберісіне орнаған көлік кептелісі жайлы сөз қозғады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматының ПД басшысы Қанат Таймерденов қаланың кіреберісінде бірнеше шақырымға созылған кептеліс жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пробка

«Олар ең алдымен карантин режимін бәсеңдетуге байланысты болып отыр. Кейбір азаматтар мұны карантиннің тоқтатылуымен шатастырады, сондықтан олар қалаға кіруге немесе, керісінше, қаладан шығуға тырысады. Карантиннің жойылмағандығы туралы тағы да ескертеміз. Блокбостан тек жедел штабтың деректерінің арнайы тізіліміне енгізілген азаматтар ғана өте алады.

Жүк көлігін қоспағанда, әр көлік құралын тексеруге белгілі бір уақыт кетеді. Осыған байланысты, біз азаматтарды өз үйлерінен негізсіз шығып кетпеуге шақырамыз. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», — деді ПД басшысы. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыға кіреберісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болғаны жайлы айтылған. 

 

stan.kz