Елімізде басқа мемлекеттермен салыстырғанда неліктен коронавирустан көз жұму деңгейі төмен? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздің коронавирустан көз жұму деңгейі қандай себептерге байланысты бас мемлекеттерден төмен екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айжан

Есмағамбетова мұның себебі еліміздің инфекцияға дайын болғаны үшін деп түсіндірді. 

«Кей елдерде коронавирус қаңтар-ақпанда тіркелген болса, біздің елде наурыздың ортасында тіркелгенін атап өту керек. Бізде дайындалуға мүмкіндік болды. Кереуеттер, жан сақтау бөліміне кереуеттер дайындауға уақыт жеткілікті болды. Себебі коронавирус жұқтырған 65 жастан жоғары адамдардың жағдайы өршіп кетуі мүмкін екенін білдік», — деді ол.

Бас санитар дәрігер медициналық қызметкерлердің ахуалға сақадай сай болғанын атап өтті. 

«Одан бөлек, медицина қызметкерлерін дайындауға мүмкіндік болды. Сондай-ақ тәуекел тобындағы адамдарды тесттен өткіздік. Ол да еш белгісіз өтетін кездерді анықтауға мүмкіндік береді. Меніңше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың арасында адам өлімінің аз болуының себебі осы», — деп қосты Есмағамбетова.

Еске салайық, бұған дейін Есмағамбетова Қазақстанда карантин режимі қайта қатаңдауы мүмкін екенін айтқан еді. 

stan.kz