Нағима Есентаева ағасының бостандыққа шыққанын жоққа шығарды — новости Казахстана

0

Әлеуметтік желіде Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шыққаны жайлы ақпарат тарап кетті. Алайда Есентаевтың қарындасы қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақытбек Есентаев. Фото:qamshy.kz

Бақытбек Есентаев. Фото:qamshy.kz

Әлеуметтік желідегі парақшаларда Бақытбек Есентаевтың суреті салынып, оның түрмеден босатылғаны жайлы жазба тарай бастаған.

Ал Есентаевтар шаңырағының танысы бұл ақпаратты Нағимаға жіберіп, бұл жазбаның рас-өтірігін сұрапты.

«Өткен аптаның соңынан бері белгісіз біреулер ағамның ақталып шыққаны жайлы ақпарат тарата бастады. Бірден айтайын, бұл жалған ақпарат. Өтірік».

Менің түсінбегенім, мұны кім, қандай мақсатпен таратып жүр?!»,- дейді Нағима Есентаева.

Сондай-ақ Бақытбек Есентаевтың қарындасы мұндай ақпараттардан отбасы мүшелерінің жүрегі ауыратынын жеткізді.

NUR.KZ порталының тілшісімен тілдескен Нағима Есентаева ағасының әйел затын қатты құрметтегенін айта кетті.

«Ағамды осынша уақытқа темір торға қамағанына өкінемін. Бұл өте қатал жаза. Тіпті адам өлтіргендерге мұнан аз жаза беріледі», — деді Бақытбек Есентаевтың қарындасы.