Саңырау әрі мылқау такси жүргізушісін балағаттаған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамалды

0

Астана қалалық соты саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне тіл тигізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде екі жолаушы мінген таксидің видеосы тарады. Көліктің алдыңғы орындығында отырған жолаушы жүргізушіні балағаттап, оған тіл тигізе бастайды. Кейін такси жүргізушісінің саңырау әрі мылқау екені белгілі болды.

Жолаушы қамауға алынып, оған қатысты істі Астана қаласының мамандандырылған соты қарады. 38 жастағы ер адамның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

“Сотталушы өз әрекетімен айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші сурдоаудармашының көмегімен жолаушының телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан”, – деді сот.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.