Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қайда және қашан өтетіні белгілі болды — БАҚ — Бокс

0

Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) ресми сайтында 2019 жылғы жоспарларға қатысты қызықты ақпарат жарияланды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, алдағы жоспарлар кестесіндегі 2019 жылдың 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс кеші өтетіні көрсетілген. Бұл шараны ұйымдастырушылар Golden Boy Promotions және GGG Promotions компаниялары, ал трансляцияны DAZN стриминг қызметі жүргізеді.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде кім жұдырықтасатыны белгісіз. Алайда жоғарыда аталған компаниялар орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізеді.

Промоутерлер боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек өткізу үшін орын дайындап қойған болуы мүмкін. Дегенмен NSAC күнтізбедегі жоспарлар әлі нақты емес және кейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Боксшылар T-Mobile аренасында осыған дейін екі рет кездесіп үлгерді. 2017 жылы қыркүйекте төрешілер тең нәтиже шығарды, ал бір жылдан соң өткен жекпе-жекте төрешілер жеңісті мексикалыққа берді. Биыл өткен кездесуден соң қос боксшыда үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін жеткізген еді.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz