Лотереяда бір сандар тізбегін он жыл бойы қолданған әйел ақыры байлыққа кенелді – Қазақстан жаңалықтары

0
20

Австралияның Сидней қаласының тұрғыны 10 жыл бойы лотерея билеттеріне бірдей сандардың тізбегін жазып жүріп, ақыры ірі ұтысқа кенелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

лотерея

Австралиялық әйел лотереядан бір миллион австралиялық доллар (шамамен 268 миллион теңге) ұтып алыпты. Ол он жыл бойы тек бірдей цифрларды лотерея билеттеріне жазып жүріпті. Наурыз айында тұрғын тағы бір рет бағын сынап көрмекші болып, онлайн билетке бұрын жазып жүрген сандарды енгізген. Ал 18 наурыз күні әйел жеңіске жеткенін білген.

«Мен кішкене ұйықтап алмақшы болғанмын. Түн ортасында оянып алып, бұл жағдай менің түсіме кірген шығар деп ойлаппын», – дейді ол.

Сөзінше, ол ұтқан ақшаны үйіне алған несиеге жұмсамақшы. Бұған қоса джекпотқа қол жеткізген әйел ол қолданып жүрген сандар бір күні байлық әкелетініне еш күмән келтірмеген жеткізіпті.

stan.kz