Украинада ғашықтар карантин ережелеріне сәйкес «коронавирустық үйлену тойын» өткізді — Қазақстан жаңалықтары

0

Киевтегі Соломенский ауданының АХАЖ-да ерекше неке қию рәсімі өтті. Жас жұбайлар Лиана мен Андрей отбасыларын тіркеуге барлық карантин ережелеріне сәйкес келді — маскалар мен қолғаптарда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Достарын мерекемен құттықтауға келген барлық жақын адамдар да қорғаныс киімдерінде болды.

«Карантинге байланысты барлық жоспарлар бұзылды: флорист пен бет әрлеуші, оператор және мейрамханаға дейін. Сондықтан біз жаңа отбасының дүниеге келуін осылай атап өткіміз келді», — деді Лиана.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа CoViD-19 коронавирусының пандемия деп жариялады. Қазірдің өзінде әлемнің 166 еліндегі 207 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырған, 8,6 мыңнан астамы қайтыс болған.

 

stan.kz