Ұлттық банк шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгіледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан ұлттық банкі қаржы нарығы қатысушыларының валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуына жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Келесі жылы доллар 400 теңгеге жетеді: Экономист маман өз болжамын жасады

2020 жылғы 19 наурызда «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық банкі басқармасының №33 қаулысы қабылданды.

Қаулыда уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін:  

1) АҚШ доллары — 6 теңге; 
2) еуро — 7 теңге етіп белгілеу көзделеді.

Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытында іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

stan.kz