Лауреус сыйлығы: Мессидің соңғы марапаты болуы мүмкін бе

0

Жылдың үздік спортшысына берілетін Laureus World Sports Awards сыйлығына үміткерлердің есімі белгілі болды.  

Бұл марапатқа теннисші Новак Джокович, Лионель Месси (футбол), Макс Ферстаппен (Формула-1), Мондо Дюплантис (жеңіл атлетика), Эрлинг Холанд (футбол) және Ноа Лайлс (жеңіл атлетика) үміткер ретінде тіркелді.

2023 жылы Лауреус сыйлығын Лионель Месси, 2022 жылы Макс Верстаппен, 2021 жылы Рафаэль Надаль жеңіп алған болатын. Ал бұл сыйлықты көп алған спортшы – Роджер Федерер (4 рет).

Еске сала кетейік, 2023 жылы Laureus сыйлығына үміткерлердің қатарында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да болды. Ол «Жыл серпілісі» аталымында бақ сынады. Отандастарымыздың өкінішіне қарай, бұл аталым испандық теннисші Карлос Алькарасқа бұйырған еді. Десе де, Рыбакина Қазақстан спортының тарихында бұл жүлдеге үміткер болған тұңғыш қазақстандық ретінде тіркелді.

2024 жылғы Laureus World Sports Awards марапаттау рәсімі 22 сәуірде Испания астанасы Мадридте өтеді.

Laureus World Sports Awards – жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшыларды ынталандыратын марапат. Жүлде 1999 жылдан бері табысталып келеді.

Жеңімпазды таңдау екі кезеңнен тұрады. Алғашқыда 80-ге жуық елдің үздік спорт редакторлары, жазушылар мен комментаторлардан тұратын іріктеу комиссиясы дауыс беріп, 6 санат бойынша үздіктерді іріктейді. Дауыс беру барысын «PricewaterhouseCoopers» ЖШС тәуелсіз аудиторлары бақылайды. Кейін Laureus World Sports Academy мүшелері жасырын дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.