Алматыда автобус өртенді

0

Алматыда автобус өртенді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде №124 автобустың өртеніп кеткен видеоcы пайда болды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртті құтқарушылар лезде сөндірді.

«Бүгін сағат 11:45-те «Қарасу» ықшамауданында өртенген автобусты өшіруге Алатау өңірінің құтқарушылары жіберілді. Құтқарушылар 11:53-те жетті, қоғамдық көлік ішінде жолаушылар болған жоқ. Өрт 12:00-де сөндірілді. Ол 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.