Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер

0
1. Сабақ тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
2. Сабақтың түйінді мақсаттары және талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің анықтамасын білу керек. Қайталама және қосарлама қос сөздермен салыстыра, ажырата алу қажет. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын молайту.
3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру.
2. Топқа бөлу.
3. Миға шабуыл
4. «Қос сөз жаса, тез жаса» ойыны
5. Шығармашылық тапсырма
6. Сергіту сәті.
7. Семантикалық карта
8. Үй тапсырмасы.
9. Формативті және жиынтық бағалау
4. Сабақтың нәтижелері: Оқушылар күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің анықтамасын біледі. Қайталама және қосарлама қос сөздермен салыстыра, ажырата алады. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін артады, тіл байлықтары молаяды.
5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау. Формативтік және жиынтық бағалау, критериалды бағалау, бас бармақ — кері байланыс
6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс — талабын есепке алу: Топпен, жеке, жұппен жұмыс, сұрақтар, семантикалық карта.
7. Ресурстар мен жабдықтар: Ж. Қ. БалтабаевМ. Қ. Солтанғазиева, Ф. С. Лекерова «Қазақ тілі» оқулығы Алматыкітап 2011ж. Компьютер проектор экран, бағалау парағы, суреттер, кәмпиттер

Сабақтың технологиялық картасы
Кіріспе
1. Сыныпта «Достық тілек» тренинг арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
2. Кәмпит арқылы топқа бөлу.
3. Үй тапсырмасын сұрап өту.

Негізгі бөлім 4. «Артық сөзді тап» Берілген сөздерден артық сөздерді табу.
5. Топтық жұмыс. «Қос сөз жаса, тез жаса» ойыны.
І топ: ІІ топ:
Қызыл — Ашық —
Жуан — Дұрыс —
Тәуір — Жасыл —
ІІІ топ: ІV топ:
Ұзын — Әдемі —
Сары — Қара —
Таза — Қысқа —

6. Жеке жұмыс.
1 — жаттығу. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерді теріп жазу.
Жұптық жұмыс.
2 — жаттығу. Өлеңді жатқа жазу. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерді тауып астын сызу.

Сергіту сәті: Балапандар биі
Тақтамен жұмыс.
3 — жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/