Көпбалалы ана 122 теңге әлеуметтік көмек алған

0

Қарағандылық тұрғын Дариға Қазанғапова мемлекеттен 122 теңге көлемінде атаулы көмек алып келген. Әкімдік көпбалалы анаға ақшаның дұрыс берілгенін, ешқандай қателік болмағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Дариға Қазанғапова төрт баланың анасы ретінде мемлекеттен атаулы көмек алады. Жыл басында оған 125 мың теңге көмек берілген. Ал жазда көпбалалы ана жұбайымен үйде картоп еге бастайды. Осы сәтте шенеуніктер ол отбасының табысына әсер етеді деп, оларға жәрдемақы беруден бас тартыпты.

Кейіпкеріміз мұндай шешіммен келіспей, жәрдемақы алуға қайта өтініш берген. Нәтижесінде желтоқсанда оған 122 теңге әлеуметтік көмек берілген.

Ол қателік шығар деп, әлеуметтік қорғау бөліміне барған, онда оған ешқандай қате кетпегенін айтқан.

«Одан да бермей-ақ қойғаны дұрыс еді. 122 теңгемен бізді мазақ қылғанша, сізге отказ келді деп айтса болатын еді. Енді мына 122 теңгеге бала-шағама не нан, не памперс әпере алмаймын. Үкіметтің нағыз мазағы ма, не енді бұл?» дейді Дариға.

Әкімдіктегілердің а  туынша, отбасына басқа да көмек берілгендіктен, база 120 теңге есептеп берген.

«Әйелдің жолдасы еңбекпен қамту бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Сондықтан оның жалақысы мен балаларға берілетін жөргекақысы бар. Сондай-ақ бұл отбасы екі әлеуметтік жолақы картасын қолданады. Осы себептерге байланысты 120 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әр отбасының мүшесіне 20 теңгеден берілді», — дейді Қарағанды қаласы әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі Лариса Харитонова.