Цой кеңес берді: жаңа жылдық корпоратив бола ма?

0
432

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа жылдық отырысты отбасы ішінде өткізуге кеңес берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, оны отбасымен бірге өткізуге кеңес береміз. Вирус ешқайда кетіп қалған жоқ, сондықтан мүмкіндігінше аз өткізген жөн. Өкінішке орай ауру тарап жатыр, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар анықталып жатыр, сол себепті өзіңізді қорғап, отбасымен бірге көбірек болу керек», — дейді министр.

Министр корпоратив, ауқымды іс-шараларды өткізбеуге шақырды. Сонымен қатар ол денсаулық сақтау министрлігінде жаңа жылдық корпоратив болмайтынын мәлімдеді.

«Адамдар бір жерде жиналса да, адам санына қатысты арнайы талаптар бар. Бұл аурудың жаппай таралуын шектеу үшін қажет.

Біз қазір шараларда арақашықтық сақтауға болатын кей конференцияны қоспағанда ауқымды іс-шаралар өткізбейміз», — дейді Цой.