Атырауда жүкті әйел көпірден секіріп кетті (видео)

0
436

Бұл оқиға 7 қарашада сағат 9.35-те болған, деп хабарлайды kznews.kz сайты Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атыраудағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді», — делінген ақпаратта.

Патрульдік полиция қызметкері секірмекші болған азаматшаны анықтаған. Оны өз-өзіне қол салу ойынан қайтарғысы келген, алайда әйел оның сөзін тыңдамай секіріп кеткен.

Су полициясы қызметкерлері әйелге қарай жүзіп, оны судан алып шықты. Оқиға болған жерге келген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әйелге жасанды тыныс алдыру мен жүрегіне массаж жасап көмек көрсетті. Әйел жедел жәрден келгенше құтқарылды. Кейін ауруханаға жөнелтілді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару операциясына 4 қызметкер мен бір техника, полиция департаментінің 5 қызметкері мен техникасы қатысты.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.