Коммунистік партия атын «Халық партиясы» деп өзгертті

0
24
Advertisement

Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды. Енді ҚКХП «Қазақстанның халық партиясы» деп аталатын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік. Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі. Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты.

Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты. Тағы бір партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз», – деді ҚКХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков.

Айта кетейік, елордада Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XV съезі өтіп жатыр.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз