Кедей отбасында өскен балалар мемлекеттің соры — коуч Роза Әшірбаева

0

Коуч Роза Әшірбаева жоқшылықта әрі кедейлікте өскен балалар туралы айтты. Ол «кедей отбасында өскен балалар мемлекеттің соры» деген жазбамен видео жариялады.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Кедейлікте, жоқшылықта өскен балалар өздеріне сенімсіз, көздері соқыр, жұмыс істей алмайды. мемлекеттен ыңылдап жәрдемақы сұрап отыратын балаларды туады. Үйленген екі адам жұмыс істемесе немесе бір ақ адам жұмыс істесе сен өзіңді де, отбасыңды да, балаңды да жоқшылыққа байлайсың. Кедей коэфицентін көбейтесің. Сенің туған ұрпағыңның бай болып кетуі екіталай. Мен мысалы көзімді тырнап ашқалы әкем де, анам да жұмыс істейді. Екеуі де қаржыгер, екеуі де жұмыс істейді. Дипломды алып күзге дейін демаламын деген кезімде әкем желкелеп, жұмысқа тығып қойды», — деді Роза Әшірбаева.