Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бүкіл әлем сен үшін": әнші Қайрат Нұртас әйеліне сезімін білдірді

"Бүкіл әлем сен үшін": әнші Қайрат Нұртас әйеліне сезімін білдірді
Фото: instagram.com/kair_n

Әйгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімоваға көпшілік алдында махаббатын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіге жүктеген видеосында Қайрат Нұртас сахналық киіммен түнгі қала шамдарының аясында тұрғанын көруге болады.

«Махаббатым», – деп жазды өнер иесі. Сонымен бірге ол Жұлдыз Әбдукәрімованың парақшасын белгілеп, қызыл жүрек белгісін қоса кеткен.

Желі қолданушылары да бұл жазбаны қызу талқылап, жылы пікір қалдырған.

«Біз Қайратты қоныс тойдан іздеп жүрсек, ол онлайн отырып-ақ махаббатын жолдап жатыр екен ғой», «Жұлдыз қайда екен? Мен Қайрат оның құрметіне отшашу атып, гүл сыйлайды деп ойлап едім», «Жұлдыз нағыз француз аруындай сұлу. Ақылды, көрікті жарыңызды қадірлеңіздер, бақытты болыңыздар», «Меніңше, бұл видео “Бүкіл әлем – сен үшін” дегенді меңзеген сияқты», – деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер