Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұбаныш Жексенұлы Джеки Чанмен бірге Қытай жаңа жылы гала-концертінде өнер көрсетті

Жұбаныш Жексенұлы Джеки Чанмен бірге Қытай жаңа жылы гала-концертінде өнер көрсетті
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Қытайдың Иу қаласында өткен көктем мерекесіне арналған концертте өнер көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жағымды хабар Insider Kazakhstan парақшасында жарияланды.

Концерт Қытайдағы басты мерекелік телешоу – Spring Festival Gala жобасының ресми алаңдарының бірінде өткен. Өнер иесі онда әлемдік деңгейдегі Лионел Ричи, Ждеки Чан секілді жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетіпті.

Биыл гала-жобаның аймақтық сахналарының бірі болып алғаш рет Иу қаласы таңдалған көрінеді. Мұндай алаңдар орталық студиямен тікелей байланысып, біртұтас трансляция аясында өңірлік мәдениет пен халықаралық қонақтардың өнерін көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сүйенсек, бағдарламаға түрлі елдің әртістері қатысқан. Иу сахнасы халықаралық мәдени алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа арналған арнайы бөлім ретінде ұсынылған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.