Елде коронавирусты жұқтырғандар саны 360 адамнан асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 15 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

коронавирус

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай бойынша 1 сәуір күні сағат 11:15-те Алматы қаласында — 2 жағдай, Нұр-Сұлтан қаласында — 6 жағдай, Қарағанды облысында — 1 жағдай, Ақмола облысында — 6 жағдай тіркелді.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекциядан 1 өлім жағдайы тіркелді.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 363 жағдайы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 184 жағдай, Алматы – 84 жағдай, Қарағанды облысында — 14 жағдай, Атырау облысында — 16 жағдай, Ақмола облысында — 16 жағдай, Жамбыл облысында — 3 жағдай, Шымкент қаласында — 3 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында — 2 жағдай, Алматы облысында — 8 жағдай, Ақтөбе облысында — 3 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 3 жағдай, Павлодар облысында — 1 жағдай, Маңғыстау облысында — 1 жағдай, Қызылорда облысында — 18 жағдай, Батыс Қазақстан облысында — 2 жағдай, Түркістан облысында — 5 жағдай.

stan.kz