Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

758 0 0

Үшінші өлім Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Жалпы, қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 363-ке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды, деп хабарланды coronavirus2020 сайтында. 

«Қарағанды облысында коронавирустық инфекциядан бір адам қайтыс болды», — делінген хабарламада. 

Коронавирустан бірінші Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны 26 нуарызда көз жұмған еді. Екінші қазақстандық 31 наурызда қайтыс болды. 

Барлығы қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 363-ке жетті. 24 адам жазылып шықты.

Қазақстан қалалары мен өңірлерінде қанша адам індетке шалдықты

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 184
  • Алматы қаласы – 84
  • Шымкент қаласы – 3
  • Ақмола облысы – 16
  • Ақтөбе облысы – 3
  • Алматы облысы – 8
  • Атырау облысы – 16
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2
  • Жамбыл облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Қарағанды облысы – 14
  • Қызылорда облысы – 18
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 3
  • Түркістан облысы – 5.



sputniknews.kz