Димаш Құдайберген Головкин мен Канелоның жекпе-жегінде Қазақстан әнұранын орындайды

0

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05.00-де басталады.

Димаш Құдайберген Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі алдында Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындайды.

– Еліміздің мақтаныштары бір алаңда бірге өнер көрсетпек! Сіздермен бөлісер жақсы жаңалығымыз бар. Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG — Canelo үшінші жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсетуі жоспарлануда, – деп жазылған dimash.news сайтының Instagram-дағы парақшасында.

Бұл кездесу Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 18 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) боалды. Жекпе-жекке IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес шығады.

Трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05.00-де басталады.

Боксшылар кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.